Печать 

User Rating: 5 / 5

Star activeStar activeStar activeStar activeStar active
 

Прагада «Чехия-Қазақстан іскерлік ынтымақтастық» семинарында Чехияның жүзден аса кәсіпкеріне Астананың даму әлеуеті мен инвесторларға жасалатын қолдау жөнінде кеңінен хабарланды. Олар үшін қазақстандық делегация Астананың инвестициялық мүмкіндіктері туралы таныстырылым өткізді.

Прагадағы іс-шарада Астананың даму қарқыны мен Елордадағы инвестициялық қызмет жүргізудің бәсекелестік басымдықтарына баса назар аударылды. «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігінің басшысы Медер Мәселовтің айтуынша, Қазақстан Ресей мен Белоруссиямен бірігіп Кеден одағын құрғалы бері Астана 170 млн. халқы бар нарықта қосымша салықсыз қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Медер Мәселов «Астана жаңа қала» АЭА аумағында бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлардың жасалғанын, соның ішінде салық төлеудің жеңілдетілген түрі мен еркін кедендік аймақ, жер учаскелері мен инженерлік желілерді пайдалану мүмкіндіктерінің берілгенін айта келе, әлеуетті инвесторларды арнайы экономикалық аймақтың жобаларына инвестиция құюға шақырды.

«Astana Innovations» АҚ-ның қаржы директоры Ерген Әбдіраманов өз сөзінде қазақстандық заңнаманың ерекшеліктеріне тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік-жеке меншік серіктестігін дамыту концессиясының ортақ тұстарына және еуропалық «ақылды» қалалар тәжірибесіне негізделген «Smart Astana» жобасын дамыту моделі туралы баяндады. 

Кездесу барысында Чехия кәсіпкерлері ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуымен және Астана қаласының инфрақұрылымының «EXPO  2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындығымен танысты. 

Айта кетейік, Чехия Үкіметі 2009 жылы Қазақстанды осы елдің анағұрлым әлеуетті 12 сауда серіктесінің тізіміне енгізген болатын. Бұл шешім чех үкіметінің сыртқы экономикалық қызметтің орталығын шығыс нарықтарына икемдеуге бағытталғанын аңғартады. Екіжақты тауар айналым көлемі тұрақты өсімге негізделген. (2009 ж.  206,6 млн АҚШ долл., 2010 ж.  207 млн долл., 2011 ж.  211 млн АҚШ долл., 2012 ж.  903,8 млн АҚШ долл., 2013 г.  1,022 млрд АҚШ долл.).

Қазақстан инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығы бойынша Орталық Азия елдері арасында бірінші орын алса, ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. 2014 жылы Doing Business дүниежүзілік банкінің халықаралық рейтингінде Қазақстан құрылыс жүргізуге рұқсат алуды жеңілдету, мүлікті тіркеу, салық салу және халықаралық сауда сияқты салаларда өз көрсеткішін жақсартып, 50 орынға тұрақтаған болатын.

Соңғы өзгеріс уақыты:
24.09.2014, 09:13

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.