ГУ «Управление по инвестициям и развитию города Астаны»
  • Русский
  • Казахский

 8 (71 72)70 – 33 – 03

Menu
  • Бас мәзір
  • Инвесторлар үшін
      • Заңдылықтар
      • Мемлекеттік кепілдіктер
      • Инвестициялау обьектілерін тіркеу тәртібі
      • Басқа да артықшылықтар
      • Жеңілдіктер
  • АЭА сипаттамасы
      • АЭА басқару құрылымы
      • Индустриялық парк
      • Елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы
      • АЭА картасы
      • Қолданыстағы жобалар
  • Стаып алу
      • План государственных закупок
      • Закупки из одного источника
      • Ценовые предложения
      • Открытый тендер
      • ТОО "Астана Конвеншн Бюро"
  • Пайдалы мәліметтер
      • Жұмыс берушінің шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алу тәртібі
      • ҚР мен басқа мемлекеттердің арасында салық салудың қайталанбауын болдырмау үшін жасалған конвенция
  • Бос орындар
  • Байланыс
item1

item2

item3

 

‹ ›
  • Home/
  • Бас мәзір/
  • ИННОПРОМДА ООМЗ Қазақстандық компаниямен келісімге қол қойды

Татарстан инвесторларына қолайлы жағдай жасалады

  •  Печать 
  • E-mail
Подробности
Опубликовано: 19 Сентябрь 2014
Просмотров: 3311

User Rating: 5 / 5

Star activeStar activeStar activeStar activeStar active
 

 Астана қаласының Индустриалды парк аумағында Татарстан инвесторларына қолайлы жағдай жасалады. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде, Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы жоғары мемлекеттік маңызға ие екендігін атап өтті. Өз кезегінде, Қазақстан Үкіметі екі жақты тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бар күшін салады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған стратегиялық міндеттер орындалып жатыр.«Қазақстан мен Татарстан тарихи тамыры бір бауырлас елдер. Екі елдің бай мәдени-рухани байланысы тұрақты және болашақ сауда-экономикалық қатынастармен нығая түсті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Татарстанның арасындағы тауар айналымы жылына 1 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, бірақ экономикалық өзара әрекет ету әлеуетін арттыруға жеткілікті резерв бар екеніне сенімдімін,- деді Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетов Астана мен Татарстанның іскерлік орталарының бизнес-форумында сөйлеген сөзінде. 

Форум аясында Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің  «KAZNEX INVESТ» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің арасында ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды.

«Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалған», - деді Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда вице-премьер-министрі Равиль Зарипов. Ол еліміздегі бензин тапшылығын ескере келе, қазақстандық әріптестерін шақырып, мұнай өңдеу саласындағы жобалар туралы толығырақ айтып беруге дайын екендігін жеткізді. 

Әр мемлекеттің инвестициялық әлеуеті таныстырылған соң кәсіпорындар арасында қызметінің бағыттары бойынша жүздесулер өткізілді. 

Айта кетейік, Астанаға Татарстан Республикасының президенті бастаған делегация келді. Оның құрамына 65 татар өнеркәсіптік компаниясың басшысы енген. 

Соңғы өзгеріс уақыты:
19.09.2014, 16:23

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

  • < Назад
  • Вперёд >
kz.jpg
gos_simvoli-rus.png
slider-3.jpg
codex.jpg

IceTheme

© 2021 ГУ «Управление по инвестициям и развитию города Астаны»

  • Біз туралы
  • Сервистер
  • Байланыс
Go Top