Печать 

User Rating: 4 / 5

Star activeStar activeStar activeStar activeStar inactive
 

 Астана қаласының Индустриалды парк аумағында Татарстан инвесторларына қолайлы жағдай жасалады. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде, Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы жоғары мемлекеттік маңызға ие екендігін атап өтті. Өз кезегінде, Қазақстан Үкіметі екі жақты тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бар күшін салады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған стратегиялық міндеттер орындалып жатыр.«Қазақстан мен Татарстан тарихи тамыры бір бауырлас елдер. Екі елдің бай мәдени-рухани байланысы тұрақты және болашақ сауда-экономикалық қатынастармен нығая түсті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Татарстанның арасындағы тауар айналымы жылына 1 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, бірақ экономикалық өзара әрекет ету әлеуетін арттыруға жеткілікті резерв бар екеніне сенімдімін,- деді Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетов Астана мен Татарстанның іскерлік орталарының бизнес-форумында сөйлеген сөзінде. 

Форум аясында Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің  «KAZNEX INVESТ» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің арасында ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды.

«Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалған», - деді Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда вице-премьер-министрі Равиль Зарипов. Ол еліміздегі бензин тапшылығын ескере келе, қазақстандық әріптестерін шақырып, мұнай өңдеу саласындағы жобалар туралы толығырақ айтып беруге дайын екендігін жеткізді. 

Әр мемлекеттің инвестициялық әлеуеті таныстырылған соң кәсіпорындар арасында қызметінің бағыттары бойынша жүздесулер өткізілді. 

Айта кетейік, Астанаға Татарстан Республикасының президенті бастаған делегация келді. Оның құрамына 65 татар өнеркәсіптік компаниясың басшысы енген. 

Соңғы өзгеріс уақыты:
19.09.2014, 16:23

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.